
Маусымдық мерекелер мен жазғы демалыстардың басталуына орай пробация қызметінің бөлім бастығы әділет капитаны Ж.Ж. Садуақасов Меңдіқара ауданының бас имамы Еркебұлан Қошанмен бірлесіп балаларға арналған дәмді сыйлықтар түрінде қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Олар әр түрлі жастағы балалар өздерінің таланттарын дамытуға бағытталған түрлі үйірмелерге қатысатын шығармашылық үйге барды. Балалар қонақтарды жылы шыраймен қарсы алып, алғыс ретінде өз қолдарымен жасалған бұйымдарын көрсетті.
Өз кезегінде қызметкерлер оларға өз елінің лайықты патриоттары болуға және жазғы демалыстарын жақсы өткізуге тілек білдірді.