УК-161/12 мекемесінің мәжіліс залында мекеме қызметкерлерімен тәрбиелік мақсатта сұхбат өткізу үшін, мешіт қызметкерімен кездесу өтті

УК-161/12 мекемесінің мәжіліс залында мекеме қызметкерлерімен тәрбиелік мақсатта сұхбат өткізу үшін, мешіт қызметкерімен кездесу өтті

Арқалық қаласы «Мухтасиб Әлмұхаммед» мешітінің имамы Бакытбек Сабитбекұлы Мешітбаев арнайы мекемемізге келіп, жеке құрамымен тәрбиелік мақсатта дәріс өткізді. Сұхбат барысында имам жеке құрамға ислам дінінің тарихы және адам өміріндегі маңызы жайлы, қызметкерлерге мәдениеттілік пен адамгершілік, жауапкершілік, сыйластық, сабырлылық сияқты және жақсы қасиеттердің болу керектігі жайында сөз етті. Жеке құрамға қызмет барысында жұмыстарына адал, абыройлы, жауапкершілікпен қарауды айтып, ислам дінінде рұқсат етілмегендей алкогольдік ішімдікпен, түрлі азарттық ойындармен сондай-ақ басқада жаман қасиеттерден аулақ болуды атап өтті. Сондай-ақ мекеме қызметкерлері имамаға өздерінің толғандырған сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптар алды. Сұхбат соңында имам мекеме қызметкерлеріне жұмыстарына сәттілік тілеп, кездесуді ұйымдастырушы басшылыққа өз алғысын айттып көтеріңкі көңіл-күйде болды.