"Қара бүркіт" қызметкерлері арнайы орталықтың балаларын балаларды қорғау күнімен құттықтады

"Қара бүркіт" қызметкерлері арнайы орталықтың балаларын балаларды қорғау күнімен құттықтады

"Қара бүркіт" қызметкерлері арнайы орталықтың балаларын балаларды қорғау күнімен құттықтады, мекеме басшылығы "Алтын жүрек" қоғамдық бірлестігімен (неврологиялық аурулары бар балаларды түзетуге және оңалтуға арналған балалар шағын орталығы) бірге өмірлік қиын жағдайда жүрген отбасылардан шыққан балаларды құттықтады.
Айта кету керек, қызметкерлер сапарлармен бірінші рет емес – орталық пен мекеме тұрақты негізде ынтымақтасады.
- Балалар-біздің болашақ ұрпағымыз, және барлығы да өздерінің бақытты балалық шақтарын барынша өткізулері тиіс,-деп атап өтті ҚР ІІМ ҚАЖК "УК-161/3 мекемесі" РММ бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Қоянбаев Ғабидолла. Бұл жолы ұлдар мен қыздар үшін біз құттықтаулар, сыйлықтар және басқа да көптеген жағымды қуаныштар дайындадық, олар мереке атмосферасын барынша қалыптастырды.
Сонымен қатар, өкінішке орай, ерте қайтыс болған мекеменің бұрынғы қызметкерінің балаларына барды. Бойжеткен "УК-161/3 мекемесі"қаржылық қамтамасыз ету бөлімінде жұмыс істеді. Қысқа мерзім ішінде өзін жауапты және өз ісінің еңбекқор маманы ретінде көрсетті. Қыздар әжесімен тәрбиеленеді. Үлкені балабақшаға барады, сондай-ақ бос уақытында өнер үйірмелеріне барады және әжесіне үйде көмектеседі. Ол інісін өте жақсы көреді және оған қарайды.