Алкоголизм бүгінгі күні ең өзекті әлеуметтік проблемалардың бірі болып табылады. Ұзақ уақыт бойы алкогольге психологиялық және физикалық тәуелділікте бола отырып, адам отбасына қамқорлық жасауды тоқтатады, жұмыс пен өмірге деген қызығушылығын жоғалтады, қылмыс жасайды.
Біздің елімізде жыл сайын алкогольді теріс пайдаланумен байланысты қылмыстардың өсуі артып келеді. Осыған байланысты, бас бостандығынан айыру орындарында алкоголизмнің алдын алу өзекті бола түсуде.
Психологтар адам ағзасына алкогольді теріс пайдаланудың жағымсыз салдары туралы шағын дәріс, статистикалық мәліметтер презентациясын ұйымдастырды. Сотталғандардың "көп жақты алкоголизм"метафоралық ассоциативті карталарын қолдану жаттығулары үлкен қызығушылық тудырды. Қатысушыларға картаны таңдап, алкогольді ішімдіктерді теріс пайдаланатын адамның тозу дәрежесін сипаттау ұсынылды.
Іс-шара соңында сотталғандарға "алкоголизмнің зияны туралы"кітапшалар таратылды.