Жітіқара ауданында "УК-161/3 мекемесі" РММ қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерінің дәстүрлі кездесуі өтті

Жітіқара ауданында "УК-161/3 мекемесі" РММ қылмыстық-атқару жүйесі ардагерлерінің дәстүрлі кездесуі өтті

Жітіқара қаласының сағат мұнарасы алаңында  қылмыстық-атқару жүйесі УК-161/3 мекемесінің еңбек ардагерлерінің кездесуі өтті. Мекеме бастығының тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Габидолла Жалгасбекович Коянбаев өз сөзінде былай деді: «Бұл кездесуді дайындағанда, мекеме жетекшілігі еңбек ардагерлерін жинап, бір-бірін көрсін, қауышысын деп мақсат қойды. Көп жыл бойы Сіздер пенитенциарлық жүйеде адал қызмет атқардыңыздар, қоғам игілігіне еңбек еттіңіздер, заң күзетінде қиын міндеттер орындап, тұрдыңыздар. Бүгін де Сіздер қатарда, қызметкерлермен өздеріңіздің бағасыз тәжірибеңізді аямай бөлісіп, жастарға үлгі көрсетіп, отаншылдық сезімін тәрбиелейсіз». «Өкінішке орай, бұл кездесуге барлық ардагерлер келе алмады», - деді сөз соңында Габидолла Жалгасбекович, - «алайда әрбір зейнеткерге, ардагерге түрлі шараларда ерекше көңіл бөлеміз».