
Қостанай облысы бойынша ҚАЖД «УК-161/3 мекемесі» РММ-де өмір бойына бас бостандығынан айырылған сотталғандарға арналған теологиялық оңалту жұмыстары тобы тұрақты негізде Қостанай облысы бойынша дін істері басқармасы жанындағы «Діни проблемаларды зерттеу орталығының» қажетті материалдарымен қолдау көрсетіп,дін негіздерін,деструктивті діни ағымдарды ұстанушылардың адасуы туралы фильмдер, бейнероликтер, аудиолекциялар көрсетуді жүргізеді. Осы ақпараттық - түсіндіру жұмыстарының мақсаты радикалды көзқарасқа ие сотталғандарды дәстүрлі діни құндылықтарға көшіру, деструктивті діни ағымдарды ұстанушылар бойынша дәстүрлі діни құндылықтарды бекіту, діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру болып табылады.