ІІБ қызметкері –тек кәсіп қана емес, өмірлік үлгі

ІІБ  қызметкері –тек кәсіп қана емес, өмірлік үлгі

ҚР ІІМ ҚАЖК «УК-161/1 мекемесі» РММ қызметкерлерінің тәжірибелі қызметкерлерінің бірі - Арман Есингереевич Тюлегенов деп айта кемсем артық болмайды. Оның қылмыстық- атқару жүйесіндегі еңбек өтілімі 17 жылды құрайды.  Арман қызметке 2004 жылы Жітіқара қ. УК-161/1мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушы- маман есебінде қызмет атқарып, 2005 жылғы ақпан  айы Қостанай қ. тергеу изоляторына қызметке ауыстырылған. Арман Есингереевич бұл қызметті атағы мен шені үшін таңдаған жоқ,  қызметтің болашағы зор және адал, ұтымдылығын таңдаған, осы қызмет  өткерген мерзіміне көптеген алғыс және грамоталары бар, соның ішінде  ең құнды алғысы « Адал еңбегі үшін» екінші және үшінші дәрежеделі төс белгі алған.

Жылдар бойы жинаған кәсіби тәжірибесі, шеберлігімен қатар, ол сауатты және шыдамды, жас қызметкерлерге де тәлімгерлікке тартып, еңбекке баулуға бағыт-бағдар береді, оның тәжірибесінде түлеп ұшқан көптеген жас мамандар бар, ол жастарға қызметтің жауаптылықты талап ететінін, маңыздылық пен шыдамдылықты қажет ететінін, қызметке адал, мұқият болуларын үнемі үйретеді.

Сондай-ақ, ол отбасында да мықты қамал, қорғаны және тірегі, үйіне оралғандағы отбасының жылуы да күш береді. Арман Есингереевич отбасы жайындағы айтқаны: өмірлік серігі жұбайының қызметтің қиындығын түсінетіні, өрімдей бес бала тәрбиелейтінін, тұңғышы Мансұрдың әкесінің жолын таңдағанын, және өз күшімен Ш. Қабылбаев атындағы ҚР ІІМ Қостанай Академиясына күндізгі оқуға түскенін атап өтті, алдағы жылы ҚР Ішкі істер органының толыққанды қызметкер болатынын, баласын мақтан ететін айта кетті. Адам баласына бұдан артық бақыттың қажеті не? Алайда, оның өзіне ұнайтын жұмысы және үлгілі, саналы ұрпақ тәрбиелеп отырған отбасы бар. Бұл үшін өмір сүрудің өзі бақыт деп санайды.