
Рудный қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілерге арналған осындай жәрмеңкені ұйымдастырды. Жәрмеңкеге 18 жұмыс берушіден 345 бос жұмыс орны ұсынылды, оның ішінде «Рудный Ажар» ЖШС, «Қазақтелеком», Цемент зауыты, «Едил и компания» ЖШС және де басқалары. Акцияға жүздеген мүдделі адамдар қатысты, пробация қызметінде есепте тұрған адамдар да шет қалмады. Рудный қаласының пробация қызметі Рудный қаласының прокуратурасымен бірлесіп, осы іс-шараға қатысу үшін пробация қызметінде тіркелген сотталғандардың назарын аударды. Жәрмеңке нәтижесінде жұмыс табуға ниет білдірген сотталушыларға жұмыс ұсынылды.