Әулиекөл ауданында "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өтті

Әулиекөл ауданында "Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі" өтті

Аудандық мәдениет үйінде "Қостанай облысы Әулиекөл ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ қызметкерлері Әулиекөл ауданының жұмыссыз азаматтары үшін "бос орындар жәрмеңкесін" ұйымдастырды. Аталған іс-шараға Әулиекөл пробация қызметінің пробациялық бақылауындағы жұмыссыз тұлғалар шақырылды. Жұмыс берушілерге қазіргі уақытта жұмыс орны жоқ жеті сотталған жүгінді.

Бос орындар жәрмеңкесінің негізгі міндеттері-азаматтарды жұмыспен қамтуға жәрдемдесу, оларға бос жұмыс орындары туралы ақпарат беру. Өткізілген Бос орындар жәрмеңкесі оң нәтиже берді, сотталған Г. - ға жеке кәсіпкер "Ахметова ЖК" - мен жұмыс туралы келісуге көмектесті, оған қонақ үй кешеніндегі аспазшының бос орны ұсынылды. Сотталған ер адамдарға 2021 жылдың мамыр айынан бастап "ВАН" ЖШС жұмыс орындары ұсынылды.