
Сенбілік өткізу үшін аумақты жалпы жинау іс-шараларының жоспары жасалды, ал әрбір қызметкерге учаске бекітілді. Бірлескен күш-жігермен бірнеше сағат ішінде мекеме аумағы өзгеріп, сергіп кетті. Сенбіліктер қызметкерлерді қарапайым еңбек дағдыларына үйретеді, оларды тәртіпке келтіреді. Олар адамдарға жағымды әсер етеді, тәртіпті сақтау қажеттілігі туралы ойлануға мәжбүр етеді.
- Біздің мекемедегі сенбілік - бұл аумақты абаттандыру және тазалау бойынша іс-шара ғана емес, бұл ұжымды бұдан да тату және ұйымшыл етуге тамаша мүмкіндік, - деп атап өтті мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Ғабидолла Қоянбаев.