УК-161/3 мекемесінің сотталғандар арасында психологтардың, педагогтардың, аумақтық білім және мәдениет бөлімдерінің, Қостанай облысы бойынша пенитенциарлық мекемелердегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратура өкілдерінің қатысуымен "Шекарасыз оқу"пилоттық жобасының бірінші кезеңі басталды.
- "Шексіз оқу" - бұл ең алдымен қызығушылықты ояту және оқуды насихаттау. Түзеу мекемелері қызметінің негізгі қағидаттарының бірі сотталғандардың жазасын өтеу уақытын олардың мәдени деңгейін арттыру үшін барынша пайдалану болып табылатындықтан, бұл жоба барлық сұраныстарға толық сәйкес келеді, - деп атап өтті мекеменің аға инспектор - психологы, әділет майоры Светлана Щербакова.
Жобаның кезең-кезеңімен дамуы келесідей: ұсынылған әдебиеттер тізімінен кем дегенде 3-5 шығарманы оқығаннан кейін, сотталғандар жеке әсерлері, нақты оқылған кітап бойынша пікірлері көрсетілген эссені көпшілік алдында ұсынады. Сонымен қатар, олар параллель түрде тағы бір функцияны орындайды – оқылғаннан кейін танымдық, тәрбиелік, коммуникативті, эстетикалық және шығармашылық дағдыларды қалыптастырады.