
УК-161/12 мекемесінде теологиялық оңалту жұмысы күн сайын атқарылуда. Aлда келе жатқан мұсылмандар үшін қасиетті болған- Рамазан айына алдын ала дайындық жұмыстары жүргізілуде! Рамазан айы- жалпы мұсылмандардың асыға күтетін, ораза ұстаған жанға Алланың сауабы төгілетін, айлардың сұлтаны болған қасиетті ай. Осыған орай Арқалық қалалық әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің теолог маманы Ж.Файзолламен алдағы уақытта ораза ұстайтын, жазасын өтеушілермен кездесу өтті. Рамазан оразасы - Алламен байланыса отырып, нәпсіні тазалау және оның разылығы үшін тақуалық қылу, сабырлы болу, шүкір ету және оразаның түрлерін, ұстау тәртібі мен пайдасы және сауаптары жайлы түсіндірме уағыз, сұхбаты жүргізілді.