
Пробация қызметінің қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі бас бостандығын шектеуге сотталған және шартты түрде сотталған адамдардың жұмысқа орналасуына, мамандықты меңгеруіне, білім алуына, емделуіне және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек алуына жәрдем көрсету болып табылады.
- Сотталғанның тұрақты жұмыс немесе оқу орнының болуы үлкен профилактикалық мәнге ие, қайта қылмыстық құқық бұзушылықтар жасау қаупін азайтады, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейін оны түзетуге және қоғамда қайта әлеуметтендіруге ықпал етеді және тұтастай алғанда өңірдегі криминогендік жағдайға әсер етеді, - деп түсіндірді пробация ведомствосында.
Сондықтан бұл мәселелер Жітіқара ауданы әкімдігінің тұрақты бақылауында, тоқсан сайын аудан әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органның отырысында атқарылған жұмыс туралы есептер тыңдалады, жаңа тәсілдер әзірленеді, іс-шаралар жоспарлары түзетіледі.
Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету кезінде туындайтын сотталғандарды жұмысқа орналастыруға байланысты проблемалық мәселелер және қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындау мәселелері Жітіқара ауданы әкімінің орынбасары З. С. Урманованың төрағалығымен Жітіқара ауданының пробация қызметінде өткізілген дөңгелек үстел барысында талқылау нысанасы болды.. Дөңгелек үстел жұмысына Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің, Жітіқара қаласы әкімдігінің және ауылдық округтердің басшылары қатысты. Іс-шара барысында пробация қызметінің жергілікті атқарушы органдармен қоғамдық жұмыстарға тарту түріндегі жазаны орындауды ұйымдастыру, сот үкімімен тағайындалған мәжбүрлі еңбекті орындау бойынша өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ пробация есептегі қызметтері барынша жұмыс орындарымен қамтамасыз етілуі үшін сотталғандарды жұмысқа орналастыру, олардың жаңа мамандықтарды меңгеруі бойынша проблемалық мәселелер талқыланды. Аудан әкімінің орынбасары бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаларға сотталғандармен әлеуметтік-құқықтық жұмысты жандандыру жөнінде бірқатар ұсынымдар жасап, мемлекеттік органдардың басшыларына нақты тапсырмалар берді.