Қостанай медициналық колледжінің түлектерімен үгіт жұмыстарын Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің УК-161/1 мекемесінің қызметкерлері жүргізді

Қостанай медициналық колледжінің түлектерімен үгіт жұмыстарын Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің УК-161/1 мекемесінің қызметкерлері жүргізді

Бүгінгі таңда қылмыстық-атқару жүйесіндегі проблемалық мәселелердің бірі медициналық бөлім қызметкерлерін жинақтау болып табылады.

Қостанай СИЗО кадр саясаты бөлімінің бастығы әділет капитаны Самат Жұлдызов және медициналық бөлімнің фельдшері әділет лейтенанты Айдана Игисинова Қостанай қаласының медициналық колледжінің түлектерімен кездесті.

- Жас мамандарға тұрақты жалақы, мансаптық өсу және әлеуметтік қамсыздандыру ұсынылады. Биылдан бастап медицина қызметкерлеріне тұрғын үй жалдағаны үшін өзіне және отбасының әрбір мүшесіне бір адамға 25 мың теңгеден бастап өтемақы қарастырылған, - деді Самат Жұлдызов.