Қазақстан Республикасының ІІМ ҚАЖК «УК-161/2 мекемесі» РММ сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлімінің инспекторы әділет аға лейтенанты Ербол Савиевич Бримбаевты мекеме басшылығымен әріптестері қызметтік демалысқа шығарып салды.
Қызметтік жолын 2005 жылы УК-161/1 мекемесінде бақылаушы лауазымынан бастады.
Ербол Савиевич режим, пробация және сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бойынша бөлімдерінде қызмет етті.
Ол өз сөзінде әрқашан Антқа адал және өзіне жүктелген қызметтік парызын өтеуге немқұрайлы қарамағанын атап өтті.
Қызметте жауапкершілік, тәртіптілік және шыншылдығымен ерекшеленген әріптесіміз, Ішкі істер органдарына алғаш келген жас қызметкерлерге тәлімгер болып, жол көрсетіп, өзінің жылдар бойы жинаған тәжірибесімен бөлісіп те үлгерді.
Мекеме басшылығымен әріптестері зейнеткерлік демалысына шығуымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп, дәстүрлі ұлттық шапан мен естелік сыйлық табыстады.