Қостанай қаласының пробация қызметі Halyk қорының акциясына қатысты

Қостанай қаласының пробация қызметі Halyk қорының акциясына қатысты

Наурыз мейрамы қарсаңында Қостанай қаласының пробация қызметінің қызметкерлері еріктілердің қатарына қосылып, халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған қордан азық-түлік жиынтығын тасымалдауға қатысты.
Айтпақшы, бұл республикалық және облыстық ірі волонтерлік іс-шараларға алғашқы қатысу емес.
Алғашқы күні он шақты отбасы қамтылып, оларға азық-түлік жиынтықтары жеткізілді. Бұл адамдар үшін күтпеген жағдай болды – еріктілер бұл күні көптеген алғыс сөздерін естіді. Айта кету керек, мұндай жиынтықтың салмағы шамамен 50 кг құрайды – бұған жарма, май, шай және тәттілер сияқты қажетті өнімдер кіреді.
- Біз үшін әрқашан үлкен мәртебе, бұл үлкен пайда әкелетінін біле отырып, кішігірім игі істер жасау, - деп атап өтті Қостанай қ.пробация қызметі бастығының орынбасары Елена Жүнісова. Біз сондай-ақ әртүрлі волонтерлік іс-шаралардың тұрақты қатысушылары болып табыламыз және осыған көмекке әрдайым жауап беретін есепте тұрғандарды тартуға тырысамыз.
Айта кетейік, акция тағы бес күнге созылады. Кез-келген бей-жай емес адамдар қатыса алады.