2021 жылғы 15-24 наурыз аралығында Қостанай облысының аумағында "Пробация" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі»

2021 жылғы 15-24 наурыз аралығында Қостанай облысының аумағында "Пробация" жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі»

Осыған байланысты пробация қызметі бөлімінің қызметкерлері ҚАЖД есебінде тұрған сотталғандарды тұрғылықты жері бойынша, сондай-ақ жұмыс және оқу орны бойынша тексеретін болады.

Сотталғандармен, сондай-ақ оларға оң жағынан әсер етуі мүмкін олардың туыстарымен тәрбиелік-профилактикалық сипаттағы әңгімелер жүргізіледі. Тұрғылықты жері бойынша тексеру кезінде сотталғанның нақты тұрғылықты жерінің тіркелген мекен-жайымен сәйкестігі тексеріледі. Қайталап қылмыс жасауға бейім адамдар анықталған жағдайда олар тәуекел тобына енгізілетін болады.

Әлеуметтік-құқықтық көмекке мұқтаж сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетілетін болады. Сот үкімі бойынша жазаны өтеудің құқықтары мен міндеттері, тәртібі мен шарттары қайтадан түсіндіріледі.