Жұмыс кездесуі "Атамекен" ҰКП менеджер-консультантымен бірге бизнесті дамытуға шағын несие алу мәселесі бойынша өтті

Жұмыс кездесуі "Атамекен" ҰКП менеджер-консультантымен бірге бизнесті дамытуға шағын несие алу мәселесі бойынша өтті


Жұмыс кездесуі барысында "Атамекен" ҰКП менеджер-консультанты "сотталған" мәртебесінде ешқандай шектеулер жоқ екенін түсіндірді, бұл тұлғалар кепіл ретінде ұсыну үшін жылжымайтын мүлкі болған жағдайда, жеке бизнесін дамыту үшін шағын несие ала алады. Соңында "Атамекен" ҰКП-ның менеджер-кеңесшісі буклеттер, кітапшалар, әдістемелік құралдар, өтінішті қарау үшін қажетті құжаттар тізбесін табыс етті, бұдан әрі пробация қызметінде есепте тұрған адамдар олармен таныстырылды.
Бұдан әрі пробация қызметінің есебінде тұрған барлық сотталғандарға тіркелу үшін келу шамасына қарай "Атамекен" ҰКП бағдарламаларын түсіндіру жоспарлануда, сондай-ақ ағымдағы жылдың сәуір айында онлайн форматта өтетін, жеке бизнесін дамытуға оқытатын "Бизнес Бастау" бағдарламасы бойынша "Атамекен" ҰКП тегін курстарына бару ұсынылады.