Қостанай облысы бойынша ҚАЖД УК-161/3 мекемесінде сотталғандарға электрондық құжат түрінде өтініш беру үшін терминал орнатылды. Жаңа енгізілім сотталғандарға өтініштер мен шағымдарды тікелей прокуратураға, сотқа, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне және өзіндік қауіпсіздік бөлімшелеріне беруді қамтамасыз етеді.
Шағым беру үшін сотталған адам жеке деректерді енгізіп, оны саусақ ізімен растауы керек. Сол сияқты ол бұрын берілген өтініштер мен шағымдарды тексере алады.