Наурыз мерекесі қарсаңында мекеме әкімшілігі "Жітіқара аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесі" КММ қызметкерлерімен бірлесіп әдебиеттерге шолу жасайтын ақпараттық сағат ұйымдастырды.
Сотталғандар үшін Наурыз мерекесінің тарихына, дәстүрлері мен негізгі сәттеріне қатысты ақпараттық және көркем басылымдар көрсетілді.
Іс-шараның мақсаты сотталғандар арасында отансүйгіштік сезімін, толеранттылықты тәрбиелеу, сондай-ақ жалпы тарих пен тарихи жад негізінде қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту болып табылады.
Дәрістің өзі акт залында мультимедиялық экран арқылы өтті.