
Мұның себебі жазаны өтеудің қасақана бұзылуы болды. Өткен жылдың желтоқсан айында есепке қойылған, қ.сотталған, осындай қысқа мерзім ішінде бірнеше рет тартылған және режимді бұзған. Профилактикалық әңгімелесулер, ескертулер жүргізілгеніне қарамастан, бұзушылықтар жалғасты.
Ағымдағы жылдың наурыз айында материалдар жиналып, сотқа жолданды. Арқалық қалалық сотының қаулысымен жазаның өтелмеген бөлігі орташа қауіпсіз түзеу мекемесінде өтеумен бас бостандығынан айырудың нақты мерзіміне ауыстырылды.