Сотталғандарды бас бостандығынан айыру орындарынан босатуға дайындауға және әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетуге байланысты сотталғандарды рессоциализациялау тетіктерін жетілдіру бойынша 2021 жылға жасалған арнайы бағдарлама шеңберінде УК-161/1 мекемесінің тәрбие жұмысы бөлімі Қостанай қаласының пробация қызметі бөлімімен және Қостанай қаласы әкімдігінің "халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ - мен бірлесіп, сотталғандармен онлайн-кездесу өткізді.
Кездесу тақырыбы бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғаннан кейінгі "әлеуметтік бейімделу" болды.
Қостанай қаласының пробация қызметі бөлімінің орынбасары әділет майоры Елена Жүнісова босатылғаннан кейін сотталғандарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға көмек көрсету тәртібін түсіндірді.
Сондай-ақ, Қостанай қаласы әкімдігінің "халықты жұмыспен қамту орталығы" КММ-нің қызметкері жұмыссыз ретінде есепке қою және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу тәртібін түсіндірді, қолданыстағы Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде ауылдық жерлерде өз ісін ашуға немесе кеңейтуге микрокредит беру арқылы кәсіптік оқыту және одан әрі жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу түрінде мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды әлеуметтік қолдау нысандарының бірі атаулы әлеуметтік, тұрғын үй және біржолғы ақшалай көмек көрсету болып табылады.