Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын талқылауға байланысты қоғамдық тыңдаулар өтті

Қостанай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде "Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасын талқылауға байланысты қоғамдық тыңдаулар өтті

Оған сот, прокуратура, Қамқоршылық кеңес, академия өкілдері, ҰАТ қатысушылары мен ОНК мүшелері қатысты. "Дөңгелек үстелде" осы заң жобасын толықтыру жөніндегі ұсыныстарға қатысты маңызды мәселелер қозғалды. Халықтың әлеуметтік осал топтары қатарынан рақымшылық жасауға жататын адамдар санаттарын кеңейтуге ерекше назар аударылды.
Бір сағат ішінде қатысушылар барлық көтерілген мәселелерді қызу талқылап, баяндамашыларды тыңдап, маңызды мәселелерді талқылады. Соңында, талқылау қорытындысын шығарды, сондай-ақ осы рәсімді жүзеге асыру жоспарын белгіледі.
Рақымшылық-бұл мемлекеттік органның шешімі бойынша қылмыс жасаған адамдарға қолданылатын шара, оның мәні жазадан толық немесе ішінара босату, жазаны неғұрлым жеңіл жазаға ауыстыру немесе қылмыстық қудалауды тоқтату болып табылады.