
Кездесу барысында сотталғандарға ерік құқықтары мен міндеттері, құжаттандыру тәртібі мен қажеттілігі, медициналық көмек алуға, жұмысқа орналасуға, мамандық алуға, заңгерлік кеңес алуға, біржолғы әлеуметтік төлемдерді ресімдеуге жәрдемдесу түсіндірілді.
"Мұндай іс-шаралардың мақсаты сотталғандарға қоғамға бейімделуге, жұмыс табуға және ұзақ жылдар бас бостандығынан айырылғаннан кейін дұрыс жолды таңдауға жәрдемдесу болып табылады. Егер мамандық болмаса-қайта оқыту. Бостандыққа шыққандар қайтадан "көлбеу жолмен" жүретін жағдайлар сирек емес. Жұмысқа орналастыру-тәртіпке келтіреді! Біздің міндетіміз-босағандарды дұрыс жолға бағыттау, мемлекет көптеген мүмкіндіктер ұсынады, бастысы олардың қалауы",-деп түсіндірді Қостанай қаласының пробация қызметі бөлімі бастығының орынбасары Елена Жүнісова.