Құқық бұзушылықтардың алдын алу және сотталғандар арасында жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзудың өсуін төмендету мақсатында тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмысты жақсарту жолымен құқық бұзушылармен жұмыс істеуге және олардың дүниетанымын өзгертуге мүмкіндік беретін іс-шаралар жүргізіледі.
Түрме мекемесіне (Арқалық қаласындағы түрме, Қазақстандағы жалғыз түрме) әртүрлі колониялардан жазасын өтеу режимін бұзушы ретінде сотталғандар келеді. Психологтардың негізгі міндеті, ең алдымен, құқық бұзушылықтардың себептерін анықтауға, сондай-ақ оларды одан әрі болдырмауға негізделген.
Ол үшін спорттық және шығармашылық іс-шаралар, кино, музыка және т.б. сияқты түрлі бағыттағы терапия, түрлі тренингтер мен дәрістер үнемі өткізіліп тұрады.
Мекеме ведомствосында атап өткендей, осы сотталғандар болған уақытта оң динамика байқалады.