"Жусан" арнайы операциясы - бұл Таяу Шығыс елдерінен кері қайту және деструктивті діни идеологияларға ұшыраған және шетелде мәжбүрлеп ұсталған Қазақстан азаматтарын оңалту жөніндегі ауқымды гуманитарлық акция.
Сотталғандарды діни экстремизм мен терроризм идеологиясынан қорғау және оларға қарсы иммунитетті қалыптастыру мақсатында УК161/2 мекемесінде теологиялық оңалту жұмысының қызметкерлері барынша қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бетперде режимін және санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, "Жусан" арнайы операциясы туралы бейнематериалдарды көрсете отырып, ақпараттық-түсіндіру және қарсы насихат жүргізді.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысы барысында сотталғандардың назарына деструктивті діни ағымдарға түсу себептері, жауынгерлік іс-қимыл аймақтарындағы Қазақстан азаматтарының жағдайы, сондай-ақ біздің мемлекетте ар-ождан және діни сенім бостандығы құқығына кепілдік берілгені және діндарлардың құқықтарына қысым жасалмағаны туралы жеткізілді.
Сондай-ақ, ТРР инспекторы әділет аға лейтенанты А.Ғ. Оразбаев сотталғандарда сенім мен іс-әрекеттерге қатысты мәселелер туындаған жағдайда олар ТРР инспекторлары арқылы ҚМДБ өкілдеріне немесе қоғамдық қорлардың білікті теологтарына жүгіне алатынын атап өтті.