Федоров ауданында "Қадағалау" жедел алдын алу іс-шарасы барысында үш сотталушы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстырды

Федоров ауданында "Қадағалау" жедел алдын алу іс-шарасы барысында үш сотталушы бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстырды

Ағымдағы жылдың 1-28 ақпан аралығында Федоров ауданының аумағында "Қадағалау"жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. Осы іс-шара барысында Федоров ауданының пробация қызметі бөлімінің жеке құрамы күшейтілген қызмет атқару нұсқасына ауыстырылды.
"Қадағалау"жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде Федоров АПБ жергілікті полиция қызметімен бірлескен іс-шаралар жоспары құрылды. Бұдан басқа, пробация қызметінің қызметкерлерінен, учаскелік полиция инспекторларынан, патрульдік, көші - қон және криминалдық полиция қызметкерлерінен тұратын әрбір әкімшілік учаскені бір мезгілде пысықтау үшін, Федоров ауданының пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың тұрғылықты жері бойынша тексерулерді жүзеге асыру үшін ұтқыр топтар ұйымдастырылды, Бұдан басқа есепте тұрған адамдардың барлығы ҚР ІІМ "Web-интерфейс" іздеу жүйесі, ҚР БП ҚП және АЕ "Ақпараттық сервис" бойынша тексерілді. Тексеру сотталғандардың Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығу мәніне жүзеге асырылды. Одан әрі сотталғандармен және олардың туыстарымен құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға жол бермеу туралы профилактикалық әңгімелер жүргізілді.
Қазіргі уақытта жазасын өтеуден қасақана жалтарған 3 сотталушыға қатысты бас бостандығын шектеудің өтелмеген мерзімін бас бостандығынан айыруға ауыстыру туралы мәселені шешу үшін Федоров аудандық сотына материалдар жолданды.
Сот отырысы аяқталғаннан кейін Федоров ауданының соты осы сотталғандарды одан әрі жазасын өтеу үшін бас бостандығынан айыру орындарына жіберуге қаулы етті.