ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына қатысуда

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі ДДСҰ Еуропалық өңірлік комитетінің 70-сессиясына қатысуда

Бүгін ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының  70-сессиясы басталды, COVID-19 пандемиясына байланыстыбиылжиын алғаш рет виртуалды форматта өтеді.

Еуропа аймағындағы ДДСҰ-ға  мүше 53 мемлекеттің денсаулық сақтау министрлері мен өзге де жоғары лауазымды азаматтар, сондай-ақ серіктес ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері екі күн бойы денсаулық сақтау саласындағы түрлі мәселені талқылайды. Қысқартылған сессияның күн тәртібіндегі негізгі тақырыптардың бірі: аймақтағы және әлемдегі COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл мен  тәжірибе, 2020-2025 жылдарға арналған денсаулық сақтауды жақсартуға бағытталған жаңа Еуропалық бағдарлама.

Сессия қарсаңында ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының басшысы Hans Henri P. Kluge мәлімдеме жасап, Еуропалық өңірлік бюро қызметінің қазіргі басты бағыттарына тоқталды.«Денсаулық сақтау саласында болған  ең үлкен төтенше жағдай саясаттан  бастап қызмет көрсету әдісіне дейін  қайта қарауға  және өзгертуге мәжбүрледі»,-деді ол.

Оның айтуынша, азаматтарды жаппай денсаулық сақтау қызметімен  қамту-  ДДСҰ аймақтық бюросының басты назарында болады. Ол үшін ауқымды шаралар, вакцина, диагностикалық құралдар мен дәрі-дәрмекке қол жетімділік артады, болашақта қаржылық тұрақтылықты қалыптастырып,  денсаулық сақтау саласын қаржыландыру жолындағы кедергілерді жою үшін ресурстарды ұтымды пайдалану міндеттері маңызды болып қала береді.

Сессияның алғашқы күнгі бағдарламасында  Данияның  Ұлы мәртебелі кронханшайымы сөз сөйлейді деп жоспарлануда. Бұдан кейінЕуропалық өңірлік комитеті жиырма жетінші шақырылымның Тұрақты комитетінің есебі тыңдалып, тиісті қарардың жобасы қабылданады.

Сондай-ақ, ДДСҰ бас директоры доктор Тедрос Адханом Гебрейесусаймақтық комитет сессиясының делегаттары алдында сөз сөйлейді. Ол әлемдегі жағдайға, соның ішінде COVID-19 пандемиясымен күресу тәжірибесіне шолу жасайды.

Сессия отырыстары ағылшын және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сонымен қатар, халықаралық жиын ДДСҰ Еуропалық аймақтық бюросының арналары арқылы жарияланады (#RC70Europe).

ДДСҰ Еуропалық өңірлік бюросының сессиясы  Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 13:00-де тікелей эфирде басталады, мына сілтеме арқылы көруге болады:

https://www.euro.who.int/ru/about-us/governance/regional-committee-for-europe/70th-session/news/news/2020/09/health-priorities-for-the-european-region-and-covid-19-in-focus-at-who-annual-meeting