ҚР ДСМ кері байланысқа қатысты мәселелерді онлайн-талқылау өтеді

ҚР ДСМ  кері байланысқа қатысты мәселелерді  онлайн-талқылау өтеді

Денсаулық сақтау министрлігінде «1406» қысқа нөмірін қосу үшін байланыс операторларына жаңа жүктеменің реттеушілік әсерін талдауды «on-line» талқылау өтеді

2020 жылғы 21 тамызда сағат 15-00-де Медициналық қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының «1406» қысқа нөмірін байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесіне қосу кезінде байланыс операторларына жаңа жүктеменің реттеушілік әсерін талдауды (РӘТ) «on-line»талқылау өтеді.

Талқылауға қатысуға ниет білдірушілерді 87055004782 телефоны бойынша байланысуды немесе g.kusmanbekova@dsm.gov.kz эл.мекен-жайы бойынша хабарласуды сұраймыз.

Пандемия жағдайында қазақстандықтардың өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі ұлттық жоспарына сәйкес «Байланыс қызметтерін пайдаланушылар үшін қосылуы тегін болып табылатын шұғыл медициналық, құқық қорғау, өрт, авария және басқа да қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 3 қыркүйектегі №929 қаулысына толықтыру енгізу туралы» ҚР Үкіметі қаулысының жобасы әзірленді.

Қаулының жобасын қабылдау бизнес субъектілері –байланыс операторларына қатысты жаңа жүктемені жүктеугебайланысты ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 82-бабына сәйкес РӘТ рәсімін жүргізуді талап етеді.

Осыған байланысты «Ашық НҚА» порталында «on-line» режимінде талқылау жоспарлануда.

Барлық ниет білдірушілерді «on-line» талқылауға қатысуларыңызды сұраймыз.