ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният іссапармен Қызылорда облысына барды

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният  іссапармен Қызылорда облысына барды

Ол аудандық аурухананың құрылысымен және жергілікті емханадағы күзгі ЖРВИ мен тұмау маусымына дайындық жұмыстарымен танысты.
Жалағаш ауданында коронавирус инфекциясына қарсы күрес шараларына 182 қызметкер, оның ішінде 24 дәрігер, 138 медбике және 20 кіші персонал жұмылдырылды. Наурыз бен шілде аралығында медицина қызметкерлері 65 млн. теңге көлемінде үстемақы алды.
Қазір ауданда 4 ӨЖЖ аппараты, 28 оттегі концентраторы бар. Ауданда коронавирус инфекциясына шалдыққан науқастарды үйде бақылау үшін 8 мобильді бригада құрылды. Жалпы, бұл бригада 960 қоңырауға қызмет көрсетті. Айта кету керек, Жалағаштағы емханаларда жедел жәрдем шақырушылар саны 90 пайызға азайды.