
Түркістан облысына іссапары барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Түркістан қаласында салынып жатқан 630 төсектік көпбейінді облыстық ауруханаға барды. Медициналық мекемеде операция жасайтын 16 палата, 13 стационар және 3 жедел жәрдем бөлімшесі болады. Жаңа ауруханаға 1 500 жуық адам жұмысқа орналасады, құрылысы 2022 жылы аяқталады деп жоспарлануда.
Министр өңірдегі Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовпен бір ауысымда 500 науқасқа арналған ШЖҚ «Түркістан қалалық емханасы» МКК барды. МСАК ұйымында 900 адам жұмыс істейді. 18 мобильді бригада бар. Мұнда коронавирус инфекциясын анықтайтын вирусологиялық зертхана орналасқан. Жұмыс кезінде зертхана 40 мыңға жуық ПТР-тест жасады. А.Цой аталған медициналық мекеменің қажетті жабдықтармен толық жабдықталғанына көз жеткізді.
Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрі медицина қызметкерлерімен кездесу өткізіп, онда Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйекте айтқан Қазақстан халқына Жолдауының негізгі тезистерін түсіндірді. Және денсаулық сақтау саласын одан әрі дамытуға арналған жоспарларымен бөлісті.
«Президенттің тапсырмасына сәйкес, коронавирус инфекциясына қарсы іс-шараларға қатысқан медицина қызметкерлеріне ынталандыру үстемақысы 2020 жылдың соңына дейін төленеді. Ол үшін қосымша 150 млрд теңге бөлінеді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысы дәрігерлер мен санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қызметкерлерінің жалақысын биылдан бастап кезең-кезеңімен арттыру міндетін қойды. 2023 жылға қарай ол экономикадағы орташа жалақыдан екі есе жоғары болады. Осы мақсатта «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Заң жобасында 1,1 трлн. астам теңге қарастырылған», - деді А.Цой.
Сапар соңында Денсаулық сақтау министрі Түркістан қаласындағы тез тұрғызылатын модульдік жұқпалы аурулар ауруханасын аралады. Медициналық мекеме 200 төсек-орынға арналған және қажет болған жағдайда COVID-19 пациенттерін қабылдауға дайын.