
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы
25 желтоқсандағы № 756 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы» ШЖҚ РМК (бұдан әрі - Кәсіпорын) 2020 жылғы 18 мамырдағы
№ 07-02-13/1859 – И аудиторлық іс-шараны өткізуге берілген тапсырма негізінде
Ішкі аудит департаментімен 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы
31 наурыз аралығындағы кезеңде тиімділік аудиті жүргізілді.
Жүргізілген ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша Кәсіпорында жалпы сомасы 1 754 637,9 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар - 3 071,7 мың теңгені құрады, оның ішінде қалпына келтіруге жататын сома-3 004,6 мың теңге, өтелуге – 67,1 мың теңге; рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар – 1 737 961,8 мың теңге; мемлекеттік сатып алу қорытындыларына әсер етпейтін мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұза отырып өткізілген мемлекеттік сатып алу сомасы - 700,0 мың теңге; бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану - 12 904,4 мың теңге, бұл
Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кәсіпорынның қызметін регламенттейтін өзге де құжаттардың талаптарын бұзу салдарынан болып табылады.
Мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешім және ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жіберілді.