Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында өткізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында өткізілген аудиторлық іс-шараның қорытындысы бойынша пресс-релиз

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы
25 желтоқсандағы № 756 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік аудит объектілерінің 2020 жылға арналған тізбесіне сәйкес, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында (бұдан әрі - Кәсіпорын) 2020 жылғы 18 мамырдағы № 07-01-12/1860 – И аудиторлық іс-шараны өткізуге берілген тапсырма негізінде
Ішкі аудит департаментімен (бұдан әрі - ІАД) Алматы, Нұр-сұлтан қалалары және Қызылорда облысы бойынша өңірлік филиалдарды қамти отырып, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап 2020 жылғы 31 наурыз аралығындағы кезеңде тиімділік аудиті жүргізілді.

Аудиторлық іс – шараның қорытындысы бойынша жалпы сомасы
1 580 172,7 мың теңгеге бұзушылықтар анықталды, оның ішінде: қаржылық бұзушылықтар – 187 459,9 мың теңге, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар –
1 357 407,5 мың теңге, тиімсіз пайдаланылған ақша қаражаты мен мемлекет активтері – 20 132,0 мың теңге және мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзушылықтар -15 173,3 мың теңге, бұл Қазақстан Республикасының жекелеген нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ кәсіпорынның қызметін регламенттейтін өзге де құжаттардың талаптарын бұзу болып табылады.

Мемлекеттік аудит объектісіне бұзушылықтарды жою және ұсынымдарды қарау туралы шешім және ішкі аудит нәтижелері туралы есеп жіберілді.