
Денсаулық сақтау жүйесіндегі жүктеменің негізгі көрсеткіштерінің жақсаруына байланысты және карантиндік шараларды күшейту немесе жеңілдету критерийіне қол жеткізгенімізді ескере отырып, Мемлекеттік комиссияның отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы ұсынысы қаралды.
Биыл 17 тамыздан бастап кезең-кезеңімен мына объектілердің қызметіне рұқсат ету ұсынылады.
- Сауда-ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері (дәріханалар мен азық-түлік дүкендермен қоса, бутиктердің қызметіне рұқсат етіледі), сауда желілері, жабық базарларға.
Алайда, аталған объектілерде 1 адамға арналған аумақ 4 шаршы метрден кем болмауы тиіс және келушілер үлесі нысан ішіндегі аумақтың 30% ғана толтыруы тиіс деген шектеу қойылады.
- Сұлулық салондары, шаштараздар, СПА орталықтарда, косметологиялық қызмет көрсететін объектілерде әлеуметтік арақашықтық сақталады және алдын ала жазылу бойынша 1 келушіге кемінде 4 ш. м. тиесілі болады;
- балаларды түзету кабинеттерін, білім беру орталықтарын ашуға алдын ала жазылу бойынша 5 адамнан аспайтын топ толғанда жол беріледі;
- мектепке дейінгі балалар мекемелерінде бірінші кезеңде жасы бойынша 15 адамнан аспайтын кезекші топтар ғана қызметін қайта бастайды;
- әлеуметтік арақашықтықты сақтау, келушілер ағынын реттеу және міндетті маска режимін сақтау кезінде ашық ауада аттракциондар қызметін қайта бастайды;
-бассейні жоқ фитнес-орталықтарда 1 келушіге 5 шаршы метрден кем емес алаң бөлінсе және алдын ала жазылу бойынша келушілер қатары 50% аспайтын жағдайда қызметі қайта басталады;
- монша, бассейні жоқ сауналарда 1 келушіге кемінде 4 ш. м. бөлініп, әлеуметтік арақашықтық сақтаған кезде ғана нысан ішін 50% толтыруға рұқсат;
Бұрынғыша, мемлекеттік органдар мен ұйымдарда, ұлттық компанияларда, кеңселерде және қашықтан қызмет етуге мүмкіндігі бар басқа да мекемелерде қызметкерлерінің 80% қашықтан жұмыс істеу форматы сақталуда.
Ашық ауада 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға рұқсат етіледі;
- ұлттық құрама және клуб командалары үшін спорттық жаттығулар -30 адамнан аспайтын, спорт базаларында тұрған, эпидемияға қарсы және профилактикалық іс-шараларды сақтаған жағдайда рұқсат.
Тұрғындар үшін рұқсат етіледі:
- бір отбасы мүшелерін қоспағанда, 3 адамнан аспайтын топ көшеде бірге жүре алады;
-бір отбасы мүшелерін қоспағанда, саябақ, скверлерде, жағалауда ашық ауада 3 адамнан аспайтын топ бірге жүре алады;
- орындардың санына қарай қоғамдық көлік қозғалысы қайта басталады, бұл ретте кондуктор міндетті түрде болуы тиіс, ол соңғы аялдамаларда желдетіп, дезинфекциялау арқылы автобустардың санын арттыру ұсынылады.
«Қызметтін қайта бастайтын нысандардың барығына келушілер мен персоналға міндетті түрде термометрия жүргізу, жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, әлеуметтік дистанцияны сақтау, күшейтілген санитарлық - дезинфекциялық режим сынды жалпы талаптар қойылады. Халық үшін қоғамдық орындарда, халықтың келуіне, қызмет көрсетуіне және демалуына арналған үй –жайларда, қоғамдық көлікте, қоғамдық орындарда ашық ауада бетперде кию, кемінде 2 метр әлеуметтік арақашықтықты және қол гигиенасын сақтау туралы талап қойылады", - деді А.Цой Мемлекеттік комиссия отырысында сөйлеген сөзінде.
Бірінші кезеңде енгізілетін карантиндік шаралардың жеңілдетілетіне қарамастан, елдегі эпидемиологиялық жағдайдың оң динамикасын сақтау мақсатында мына қызметтерге тыйым салынады:
- ойын-сауық, спорттық, отбасылық, еске алу, салтанатты және басқа да шараларға, тіпті үйде өткізуге;
- барларға арналған, түнгі және ойын клубтарының, караоке, кинотеатр, фудкорт және балалар мен ересектерге арналған басқа да ойын-сауық орындарының жұмысына;
- мәдениет объектілерінің, мұражайдың қызметіне, конференцияға, көрме, форум өткізуге;
- бассейн, қалалық және қоғамдық жағажай, ашық аквапарктердің жұмысына;
- діни нысандардың жұмысына;
- қала маңындағы жолаушылар пойызы/электр пойызына, жұмыс пойыздарына, қалааралық автобус/шағын автобустарды қоспағанда, ортақ вагондарды қалыптастыруға.
Ал демалыс күндері қатаң шектеу шаралары сақталады. Мәселен:
- 65 жастан асқан адамдардың жүруіне тыйым салынады;
- қоғамдық көлік қозғалысы тоқтайды;
-СОО-ның (дәріханалар мен азық-түлік супермаркеттерінен басқа), сауда үйлерінің, сауда желілерінің, азық-түлік емес және азық-түлік жабық базарларының, сұлулық салондарының, шаштараздардың, косметологиялық салондардың, СПА-салондардың, фитнес-орталықтардың, моншалардың, сауналардың, балалар мен ересектерге арналған білім беру орталықтарының, түзету кабинеттерінің, ашық ауада аттракциондардың қызметін тоқтайды.
Қазақстанда карантиндік шараларды кезең-кезеңімен жеңілдету жөніндегі ұсыныстар Мемлекеттік комиссия отырысында мақұлданды.