Мемлекет басшысының өкімімен Әсем Бекқызы Нүсіпова Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жауапты хатшысы болып тағайындалды
Әсем Нүсіпова 1975 жылы 1 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген.
1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірді. «Экономика және менеджмент» мамандығы бойынша экономика магистрі, 2000 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірді.
Еңбек өтілі:
- 2001-2002 жылдаркезеңінде Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Экономикалық қауіпсіздік мәселелері бөлімінің бас сарапшысы;
- 2002-2003 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Жүйелік зерттеулер орталығының сектор меңгерушісі;
- 2003-2005 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кеңесшісі және 2004 - 2005 жылдары Біртұтас экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері бойынша ЕурАзЭҚ Хатшылығы жанындағы Ұйымдастыру-сараптама тобының кеңесшісі қызметін қоса атқарды;
- Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі, Премьер-Министрдің кеңесшілер тобының жетекшісі (16.03.2005-11.2005);
- 2005-2006 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Жиынтық талдау бөлімінің меңгерушісі ();
- 2006-2008 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі;
2008-2016 жылдар кезеңінде «ҚазТрансОйл» АҚ Бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары;
2016-2019 жылдар кезеңінде Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.