
Астанада Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына (ҰҚШҰ) мүше мемлекеттердің бас наркологтарының Үйлестіру кеңесі өтті.
Іс-шараға қатысушылар ҰҚШҰ форматындағы есірткіге қарсы қызметтің өзекті бағыттарын, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттерде есірткіні медициналық емес тұтынумен байланысты жағдайды, сондай-ақ оның дамуының ықтимал үрдістерін талқылады.
Форум алаңында мамандар психоактивті заттарды медициналық емес қолданудың алдын алу және бастапқы, қайталама және үшінші наркологиялық бұзылулардың профилактикасы, сондай-ақ осы саладағы ведомствоаралық өзара іс-қимылдың озық тәжірибелерімен және әдістемелерімен алмасты.
Бұл кеңес Қазақстан Республикасының ҰҚШҰ-ға 2024 жылы төрағалық етуінде көзделген бірқатар іс-шаралар шеңберінде өткізіледі.
Кеңеске Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі басшылығының өкілдері, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі мен Ішкі істер министрлігінің, ҰҚШҰ хатшылығының сарапшылары, ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің наркологиялық қызметтерінің басшылары, БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының қызметкерлері, Қазақстандағы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының елдік офисі, мемлекеттердің білім беру және құқық қорғау саласының өкілдері – ҰҚШҰ мүшелері қатысты.