
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі А. Цой қызметтік борышын өтеу адал атқарғаны және азаматтардың денсаулығын сақтау жолындағы қажымас еңбектері үшін Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаевтың 2020 жылғы 13 шілдедегі № 370 жарлығымен қайтыс болғаннан кейін марапатталған медицина қызметкерлерінің бірқатар туыстары мен жақындарына мемлекеттік наградаларды табыс етті.
ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен:
Баймухамбетов Қайрат Қажиманұлы - Алматы облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы;
Буланов Бекжан Серікбосынұлы - «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің бөлімше меңгерушісі;
«Парасат» орденімен:
Айжігітов Бақберген Сағымқожаұлы - Қарағанды облысының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің Бұхар Жырау аудандық басқармасының бас маманы;
«Құрмет» орденімен:
Айсауытов Болатбек Нәкібайұлы - Масғұт Айқымбаев атындағы Аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми орталығы» РМК дәрігері;
Баркибаева Нұргүл Рамазанқызы - «Семей медицина университеті» КеАҚ Университеттік госпиталінің дәрігері;
Меркуленко Владимир Павлович - Қазақ онкология және радиология ғылыми зерттеу институтының санитары.