
С. Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінде (ҚазҰМУ) 17 жылдан кейін алғаш рет дипломды педиатр дәрігерлер бітірді. Интернатураны бітіргені туралы дипломдарды 132 маман, оның ішінде халықаралық олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпаздары, сондай-ақ үздік белгісі бар диплом иегерлері алды.
Денсаулық сақтау жүйесінде педиатрия балалардағы ауруларды ерте анықтау мен емдеуді, профилактика мен вакцинациялауды, даму мен өсуді бақылауды, ата-аналарды қолдауды және балалар өлімін азайтуды қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Резидентурада осы мамандық бойынша жоғары білімі бар кадрларды даярлауды 8 медициналық ЖОО және 2 ғылыми-зерттеу институттары жүзеге асырады. Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайын бакалавриатқа 500 мемлекеттік білім беру грантын, сондай-ақ өңірлердің қажеттіліктерін ескере отырып, резидентураға 153 грант бөледі.