
Денсаулық сақтау министрі Қазақстанда сырқаттанушылықты, оның ішінде пневмонияны, коронавирустық инфекциямен байланысты ауруларды есепке алу және тіркеу аурулардың халықаралық жіктемесіне сәйкес жүргізілетіні, диагностикалау мен емдеу хаттамасы әлемдік тәжірибе негізінде әзірленетіні жөнінде хабардар етті. Сондай-ақ А. Цой елдегі коронавирустық инфекцияны емдеу тәсілдері туралы айтып өтті.
Қазақстан COVID – 19 күресу мәселелері бойынша қазақстандық дәрігерлерге консультация беру үшін осы жылдың сәуір айында Қазақстанға өзінің тәжірибелі мамандарын жіберген Қытай Халық Республикасының берген көмегін жоғары бағалайтынын атап өтті.
Сонымен қатар тараптар одан арғы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Бұдан бұрын Қытайдың кейбір БАҚ-тарының Қазақстанда белгісіз пневмония жағдайлары туралы ақпараттың таратып жүргені жөнінде хабарланған болатын, алайда бұл ақпарат шындыққа сәйкес келмейді.