«AMANAT»: «Дәрігер Talks» диалог алаңында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

«AMANAT»: «Дәрігер Talks» диалог алаңында денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелер талқыланды

Еліміздің барлық өңіріндегі 300-ден астам дәрігер, медбикелер, оқытушылар, ғалымдар, медициналық ұйымдардың басшылары, денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен сарапшыларAMANAT партиясының «Дәрігер Talks»диалог алаңындабас қосты. Олар медициналық қызмет көрсету жүйесінің қазіргі жай-күйін талқылапотандық медицинадағыөзекті мәселелерді шешу жолдарын ұсынды. Сондай-ақ қатысушыларға партиялық және ведомстволық наградалар табысталды.

Жаңа диалог алаңының алғашқы жиыны Nazarbayev University медицина мектебінде өтті. «Дәрігер Talks»-тыңерекшелігі – мұнда дәрігерлер денсаулық сақтау саласын дамыту аясында өмірдегі және кәсіптегіөздерінің жеке қалыптасутарихымен бөліседі.

Сөз басында, Мәжіліс Спикері, AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов барша қатысушыны өткен Медицина қызметкерікүнімен құттықтап, мемлекет әрқашан денсаулық сақтау саласына ерекше назар аударатынын атап өтті. Ол сондай-ақ партияның 70 мыңға жуық мүшесі – медицина саласының өкілдері екенін және олар «AMANAT-тың маңызды тірегі саналатынынжеткізді

«Мемлекет басшысының ұсынысымен қайтадан«Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері» мемлекеттік наградасы енгізілді. Қоғам дәрігерлеріміздің ерен еңбегін бағалап қана қоймай, олар туралы егжей-тегжейлі білуі керек деп санаймын. Сол себепті де «AMANAT» партиясы осы «Дәрігер Talks» алаңын ашып отыр. Осы жерде медицина қоғамдастығы депутаттық корпуспен және Денсаулық сақтау министрлігімен бірге ашық диалог форматында өзекті мәселелерді талқылап, оны шешу жолдарын айқындай алады. Біздің міндетіміз – әр дәрігердің үнін естірту – деді ол.

Сондай-ақ Ерлан Қошанов жуырдаденсаулық сақтау заңнамасына енгізілген түзетулерге назар аударды. Бұл түзетулердіAMANAT» партиясы әзірледі. Заңда медицина қызметкерлеріне арналған бірқатар әлеуметтік кепілдіктер қарастырылып, олардың құқығын қорғау жұмысы күшейтілудеAMANAT партиясының Төрағасы дәрігерлерге қол жұмсау оқиғаларыжиілеп бара жатқанына жеке тоқталды.

«Мұндай әрекеттерді ақтап алуға болмайды. Сондықтан біз барлық деңгейдегі медицина қызметкерлері үшін қауіпсіз еңбек жағдайын қамтамасыз ету бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Депутаттар – «AMANAT» фракциясының мүшелері медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында Қылмыстық кодекске түзетулер енгізуге бастамашы болды. Жақын арада біз медицина қызметкерлерін қорғауды заң жүзінде күшейтеміз – деді Ерлан Қошанов. 

Кездесуге қатысушылар Президент Жолдауы мен оның сайлауалды бағдарламасын, сондай-ақ AMANATпартиясының сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру қорытындысы бойынша медицина қызметкерлерін қолдау және жалпы денсаулық сақтаусаласын дамыту бойынша бұрын-соңды болмаған оң шаралар қолға алынып жатқанына назар аударды.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 2020-2023 жылдар аралығында медицина қызметкерлерінің жалақысы кезеңкезеңімен өсті. Мәселен, дәрігерлердіңеңбекақысы 3 еседен астам жоғарыласа, орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 2 еседен астам өсті. Бұл дегеніміз – 270 мыңнан астам отандасымызбен олардың отбасы мүшелері деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова

Ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін шешу үшін ауылдық жерге көшіп барған мамандарға 100 АЕК мөлшерінде көтерме жәрдемақы төленеді. Денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі заңға енгізілген бұл норма AMANATпартиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген.

«Еңбегім бағаланатын әрі сұранысқа ие болатын жұмыс орныніздедім. Ауылдық жерде әрдайым дәрігер керек. Осында көмегім шынымен қажет екенін сезіндім. Көтерме жәрдемақы алыпбаспанаға да қол жеткіздім. Бірақ мен үшін ең құнды дүние – жергілікті тұрғындардың ыстық ықыласыолардың жанға жайлы ортасы мен көрсетіп жатқанқолдауы – деді Павлодар облысы Прииртышск ауылындағы жалпы тәжірибе дәрігері Закир Баратов

Өз кезегінде, «Өмір тынысы трансплантация жасалған адамдарды оңалту бірлестігінің төрағасы Жәнібек Оспановдонор мәселесіне тоқталды. Оның өзіне де осыдан 10 жылдан астам уақыт бұрын жүректрансплантациясы жасалды

«Донор болу ойланып, толғанып барып жасалатын маңызды қадам екенін түсінген жөн. Мәселен, мен өмірден озғансоң қандай да бір ағзам өзге адамның өмірін жалғап, ол екі-үш балалы болса – өмір жалғасы дегеніңіз осы емес пе?Әр адам донорлыққа қатысты көзқарасты түсінуі керек деді ол.

«Дәрігер Talks»қатысушылары денсаулық сақтау саласына және әлеуметтік салаға қатысты бірқатар бастама көтерді. Іс-шара барысында Алматы облысы Ұзынағаш ауылының дәрігер-реабилитологы Әсел Саурықова, Түркістан қаласының дәрігер-терапевті Камагүл Мұсақожаева, Қостанай облысының бас балалар хирургі Игорь Белобржицкий, Астана қаласының ЛОР-дәрігері Медет Маханбет, Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауылының травматолог-ортопед дәрігері, PhD докторы Елжан МанарбековКөкшетау қаласының фельдшеріГүлназ БөкешUniversity Medical Centerбасқарма төрағасының орынбасары Махаббат Бекбосынова және өзге де азаматтар сөз сөйледі. Отырысмодераторы дәрігер, танымал тележүргізуші Айнұр Тәжина

Кездесу соңында «AMANAT партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов, Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова және Қазақстан денсаулық сақтау менеджерлері қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуаныш Ерғалиев кәсіби қызметіндегі еселі еңбегі үшін бірқатар медицина қызметкерін марапаттады