Қазақстанның бас санитарлық дәрігері ел азаматтарын карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырды

Қазақстанның бас санитарлық дәрігері ел азаматтарын карантиндік шараларды қатаң сақтауға шақырды

Елімізде 5 шілдеде қатаң карантиндік шектеу шаралары басталады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова мәлімдеді.

        Ертеңнен  бастап  қалааралық автобустар тоқтайды, алайда өңірлерге жеке автокөлікпен қатынауға рұқсат етіледі. Аймақаралық  авиабағыттардың саны мен авиарейстердің жиілігі артпайды, осы кесте сақталады. Темір жол жолаушылар тасымалы  қысқарады, қаламаңына қатынайтын жолаушылар пойызы (электричкалар) тоқтайды. Елді мекендерге қатынайтын  қоғамдық көліктерге де шектеу қойылады.

Сонымен қатар, ойын-сауық, спорттық іс-шара, көрме, форум, конференция, сондай-ақ,  үйде отбасылық, еске алу іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.

Ал, азық-түлік супермаркеттері мен дәріханалардан басқа жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың ,сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің, сауда желілерінің жұмысы тоқтайды. Аумағы 500 м²  астатын азық-түлік емес дүкендер тек тауарды  жеткізіп беру қызметін көрсетеді.

Ойын-сауық мекемелері, кинотеатрлар, мәдениет объектілері, фудкорт, банкет залдары, фитнес-орталықтар, СПА, монша мен сауналардың, косметикалық және косметологиялық қызметтер, маникюр мен педикюр және т.б. қызметтер көрсететін шаштараздар мен басқа салондардың жұмысына тыйым салынады.

Қатаң карантин кезеңінде барлық діни объектілердің қызметі тоқтатылады.

Мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор органдарының, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілерінің қызметіне әлеуметтік қашықтықты және күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып рұқсат берілді.

«Штаттық кесте бойынша 30 астам қызметкері бар ұжымның  88 пайызы  қашықтан жұмыс істейді», - деді бас санитарлық дәрігер.

ХҚКО, Қазпошта бөлімшелері, банктердің жұмысында да кейбір шектеулер сақталады. Медициналық орталықтар  науқастарды аймаққа бөліп және күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, алдын ала жазылу бойынша жұмыс істей алады. Туризм объектілері, қонақ үйлер, туристік базалар санитарлық нормаларды сақтауы керек  және  нысанның ішіне жиналған  адам саны 50 пайыздан аспауы  тиіс.

Дәріханалар, азық-түлік дүкендері, ғимарат сыртындағы  базарлар, ашық аспан астындағы қоғамдық тамақтану орындары және залдағы орны  30 аспайтын нысандар күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып жұмыс істейді, алайда ұжымдық іс-шараларды өткізбейді.

Өнеркәсіп кәсіпорындарының, ашық ауада жүріп жатқан құрылыс жұмыстарының, ауыл және балық шаруашылығының, мал шаруашылығының, халыққа байланыссыз қызмет көрсету объектілердің  – автожуу, автомобильдерді, тұрмыстық техниканы жөндеу және т.б. қызметіне рұқсат берілді.

Бұдан басқа, қазақстандықтарға ашық ауада жеке жаттығуларға рұқсат етілген, саябақтарға және басқа да демалыс орындарына 3 адамнан аспайтын топпен немесе әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, бір отбасы мүшелерімен баруға болады. Алайда 65 жастан асқан адамдардың және 3 адамнан артық жиналған топтардың орын ауыстыруына шектеу енгізіледі.

«Қызметі жалғасатын нысандар қызметкерлердің, келушілердің қауіпсіздігін және күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық режим бойынша талаптардың орындалуын қамтамасыз етуге міндетті», - деді Айжан Есмағамбетова.

 

Есмағамбетова азаматтарды барынша жауапкершілікпен қарауға, басқаларға індет  жұқтырмау  үшін барлық талаптарды орындауға  шақырды.

«Бекітілген профилактикалық шараларды сақтасақ,  экономиканың барлық секторын тоқтатып тастайтындай қатаң карантин шараларының алдын аламыз.  Карантиндік талаптарды орындағанда ғана инфекцияның жұғуы мен  талау  тізбегін тоқтатуға мүмкіндік болады», – деді спикер.

COVID-19 ауруының  жаппай таралуына тосқауыл қою үшін және денсаулық сақтау жүйесінің жүктемесін азайту мақсатында Мемлекеттік комиссия биыл 5 шілдеде  сағаттан 00-00 бастап 14 күндік қатаң карантиндік шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады. Толық мәтінді мына сілтемеден оқи аласыздар: https://www.gov.kz/memleket/entities/kkkbtu/press/news/details/postanovlenie-glavnogo-gosudarstvennogo-sanitarnogo-vracha-rk-o-vvedenii-strogih-ogranichitelnyh-karantinnyh-mer-44-ot-3-iyulya-2020-g?lang=kk