
Учаскелік қызмет дәрігерлерінің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ынталандырушы төлемдерді есептеудің жаңа жүйесі енгізіледі.
Егер бұған дейін мамандарды ынталандыру көрсеткіштерді орындамағаны үшін алып тастау жүйесі бойынша көбірек жүргізілсе, онда жаңа жүйе ауруларды ерте кезеңде анықтағаны үшін көтермелеуге бағытталған.
Бұл емханалардың медицина қызметкерлеріне асқынулардың алдын алуға және пациенттерді негізсіз емдеуге жатқызуға уәждеме береді.
Ынталандырушы үстемелерді есептеу адам факторын қоспағанда, автоматты түрде жүзеге асырылады.