Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ажар Ғиният Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің бұйрығымен Ажар Ғиният Денсаулық сақтау вице-министрі лауазымына тағайындалды

Ажар Ғиният 1969 жылы Батыс Қазақстан облысында туды.

1991 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын «дәрігер-педиатр», 2007 жылы Ш. Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университетін  «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша бітірді. «Алматы Менеджмент Университет» ҒҚБ МВА бағдарламасын аяқтады.

Сонымен қатар, 1МС University of Applied Sciences Krems (Кремс қ., Австрия), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Флагман курстарында (Барселона қ., Испания), Куан Ю (Lee Kuan Yew Schoolof Public Policy) Сингапур ұлттық университетінде және «Назарбаев Университетінде» (Nazarbaev university) мемлекеттік саясат мектебінің бірлескен бағдарламасы бойынша оқыды.

Еңбек жолын 1993 жылы учаскелік  педиатр болып Атыpay қаласындағы №2 қалалық емханада бастады.

1994 жылдан бастап 1999 жыл аралығында – Ақтау қаласындағы №1 медициналық санитариялық бөлімде дәрігер-инфекционист, бөлімше меңгерушісі.

Маңғыстау облысында оба, тырысқақ ауруларының таралуының алдын алуға қатысты.

1999 жылдан бастап 2001 жыл аралығында – Ақтау қаласындағы облыстық инфекциялық аурулар ауруханасында бас дәрігердің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары.

2001 жылдан бастап 2005 жыл аралығында – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары.

2005 жылдан бастап 2006 жыл аралығында – Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры.

2008 жылдан бастап 2017 жыл аралығында – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде басқарма бастығы болды, түрлі департаменттерді басқарды.

2017 жылғы қыркүйектен бастап қазіргі уақытқа дейін  Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасы Медициналық орталығы басшысының орынбасары қызметін атқарды.