ҚАРАҒАНДЫДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ БОЙЫНША ЕКІ ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

ҚАРАҒАНДЫДА ОНКОЛОГИЯЛЫҚ НАУҚАСТАРДЫ ЕМДЕУ БОЙЫНША ЕКІ ЗАМАНАУИ ЖАБДЫҚТАЛҒАН БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ

Қарағандыда №3 көпбейінді аурухананың базасында екі жаңа бөлімшенің - жөнделген ғимараттарда орналасқан Радиациялық онкология орталығы мен химиотерапиялық орталықтың ашылуы өтті. 

Жаңа бөлімшелердің ашылу салтанатына ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Вячеслав Дудник, Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының директоры Диляра Қайдарова және Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев қатысты. 

«Бүгін біз Қазақстан бойынша 3 млрд.теңгеге инвестиция көлемімен үшінші болып табылатын томотерапия аппаратымен жарақтандырылған Радиациялық және химиотерапиялық орталықты ашу жөніндегі осы айтулы іс-шарада тұрмыз.  Сонымен қатар, жергілікті әкімдіктің қолдауымен 570 млн. теңгеге брахитерапия аппараты сатып алынды. Бұл аппаратта бірқатар онкологиялық ауруларды емдеу жүргізіледі», - деп атап өтті В.Дудник.

Қымбат томотерапия аппаратымен жабдықталған жаңа радиациялық бөлімшенің ашылуы кез келген локализациядағы ісіктерді тиімді рентгенологиялық емдеуді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Заманауи құрылғылар сәулеленудің сау тіндер мен ағзаларға әсер ету қаупін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Аурухананың басқа бөлімшесінде оңалту төсектері бар тәулік бойы жұмыс істейтін 90 химиотерапия төсегі және 16 паллиативтік көмек төсегі бар. Орталықтың толық жұмыс істеуі үшін дәріхана, зертхана, УДЗ, ЭКГ және рентген кабинеттері бар. Химиотерапиялық орталықтың ашылуы емделуге мұқтаж пациенттерді емдеуге жатқызумен қамтуды ұлғайтуға мүмкіндік береді. Тек химиотерапия бөлімінде ай сайын 500-ге дейін адам емделе алады.

Вице-министрдің айтуынша, бүгінде денсаулық сақтау жүйесінде онкологиялық қызметтің проблемаларын шешуге және ядролық медицинаны дамытуға ерекше көңіл бөлінеді.

Ол елдегі онкологиялық аурулармен күрестегі бірнеше негізгі жетістіктерді ерте диагностиканың 30%-ға дейін өсуі ретінде атап өтті, бұл адамдардың өмірін сақтап қалуға және бес жылдық өмір сүру шегімен пациенттердің үлесін арттыруға мүмкіндік береді. Соңғы жылдары жалпы сырқаттанушылықтың өсуіне қарамастан, обырдан болатын өлім-жітімді 33%-ға және Қарағанды облысында 46%-ға дейін төмендетуге қол жеткізілді. Жыл сайын шамамен 30 мың онкологиялық хирургиялық операция жасалады, бейнеэндоскопиялық жабдықты қолдану арқылы жасалатын операциялардың үлесі 30%-ға дейін өсті. Науқастарды емдеуде қазіргі заманғы мақсатты және иммундық препараттарды енгізу оң нәтиже беретінін атап өткен жөн.

В. Дудник Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша окологиялық қызметті жаңғыртудың кешенді жоспары іске асырылып жатқанын еске салды. Ол диагностиканың жаңа әдістерін енгізуді, республикалық және өңірлік онкологиялық орталықтарды заманауи диагностикалық және емдік жабдықтармен (маммографтар, КТ, МРТ, ультрадыбыстық аппараттар, бейнеэндоскопиялық жабдықтар және басқалар) жарақтандыруды, ісікке қарсы препараттар спектрін кеңейтуді, профилактикалық іс-шаралар жүргізуді (адам папилломавирусына қарсы вакциналармен, скринингтерді жаңғыртуды) және онкологиялық кадрларды әлемдік жетекші онкологиялық орталықтарды республикалық, жергілікті бюджеттер және өзге де қаржыландыру көздерінің есебінен даярлауды көздейді.

Әрі қарай вице-министрдің делегациясы Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді ауруханаға барып, компьютерлік томографпен және жаңа ангиографпен жабдықталған инсульт орталығына арналған заманауи жабдықтармен танысты, оларды сатып алу үшін қаражат жергілікті бюджеттен бөлінді.