
Тарбағатай ауданының аудандық ауруханасында перзентхана бөлімшесін ауқымды қайта қалпына келтіру аяқталды. Құрылыс жұмыстары "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасының шеңберінде жүргізілді.
Барлық үй-жайларды қайта жабдықтаумен күрделі жөндеу жүргізілді, енді бұл мекеме перинаталдық көмекті өңірлендірудің 2-ші деңгейіндегі перзентхана ретінде жұмыс істейтін болады.
Жаңартылған босандыру блогының салтанатты ашылуында құрметті қонақтар, медицина қызметкерлері, жұртшылық өкілдері құрылыс-монтаждау жұмыстарының жоғары деңгейін, жабдықтар мен медициналық жиһаздардың сапасын атап өтті, бұл тұтастай алғанда жаңа технологияларды, емдеу әдістерін енгізу, ана мен баланың бірге болуына, сондай-ақ босану кезінде серіктестердің болуына қолайлы жағдай жасау мүмкіндігін кеңейтеді.
2023 жылы аурухананың перзентханасында 252 сәби дүниеге келгенін йта кету керек.
Бұл ауруханада дәрігерлердің біліктілігін арттыруға көп көңіл бөлінеді, сондықтан биылғы жылы босандыру бейіні бойынша бірнеше маман Түркияға оқуға жіберіледі.