А.Н. СЫЗҒАНОВ АТ. ҰҒХО-ДА УЛЬТРА-ЖОҒАРЫ АЖЫРАТЫМДЫЛЫҚТАҒЫ ДЕТЕКТОРДЫҢ БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР ЕҢ ЗАМАНАУИ ALPHENIX HI-DEF АНГИОГРАФИЯЛЫҚ КЕШЕНІ ОРНАТЫЛДЫ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

А.Н. СЫЗҒАНОВ АТ. ҰҒХО-ДА УЛЬТРА-ЖОҒАРЫ АЖЫРАТЫМДЫЛЫҚТАҒЫ ДЕТЕКТОРДЫҢ БІРЕГЕЙ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БАР ЕҢ ЗАМАНАУИ ALPHENIX HI-DEF АНГИОГРАФИЯЛЫҚ КЕШЕНІ ОРНАТЫЛДЫ ЖӘНЕ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

А.Н.Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия ғылыми орталығында «Қазақстан Республикасында жаңа технологияларды қолдана отырып интервенциялық онкологияны дамыту перспективалары" тақырыбында ғылыми-практикалық конференция өтті. жылы

Конференция шеңберінде бауыр ісіктерін химиоэмболизациялаудың өзекті мәселелері, бауыр циррозының асқынуларын интервенциялық емдеудің заманауи технологиялары бойынша дәрістер өткізілді.

Гибридті форматта жаңа рентген-операциялық бөлмеден трансляция жүргізілді, онда ТМД-дағы алғашқы Alphenix Hi-Def ангиографиялық кешені ультра жоғары ажыратымдылықтағы детектордың бірегей технологиясымен орнатылып, іске қосылды. RP Canon Medical Systems компаниясының және олардың стратегиялық әріптесі «Наман» ЖШС қолдауымен ұйымдастырылған мастер-класс сабағына Қазақстанның барлық өңірлерінен келген интервенциялық хирургтар қатысты.

Ашық интерактивті форматтың арқасында қатерлі ісіктері бар пациенттерге заманауи рентгенэндоваскулярлық араласудың ең күрделі мәселелері және бауырды трансплантаттаудағы интервенциялық радиология әдістерінің рөлі талқыланды.

Жаңа рентген-операция бөлмесінде бауыр циррозы аясында гепатоцеллюлярлық карциноманы селективті химиоэмболизациялау ем-шаралары сәтті орындалды. Диагностикалық кезеңде ангиографиялық кешендердің заманауи технологиялары қолданылды.

«А. Н. Сызғанов атындағы ҰҒХО» АҚ Басқарма төрағасы, ҚР ДСМ бас штаттан тыс хирургі, м.ғ. д., профессор Б. Баймаханов қорытынды сөзінде конференцияға қатысушылар мен қонақтарға алғысын білдіріп, гепатопанкреатобилиарлы аймақтың ісіктері мен ауруларын кешенді емдеудегі жаңа интервенциялық технологиялардың рөлін атап өтті.

Қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім бойынша бауыр обыры 3 орында. Жыл сайын ҰҒХО-да бауырдың қатерсіз және қатерлі аурулары бар 1000-ға жуық пациент ем алады. Біздің орталықта бауырдың бастапқы және метастатикалық ісіктерін диагностикалау мен емдеудің барлық түрлері орындалады.

Барлық трансплантаттаулардың шамамен 15%-ы бауырдың қатерлі ісіктерінде жасалады (20 пациент). Бауырды трансплантаттаудан кейінгі он жылдық өмір сүру деңгейі 80% жетеді. Бауырдың резекцияланбайтын бастапқы және метастатикалық ісіктерін емдеуде интервенциялық радиология әдістері көбірек қолданылуда.

Ресейдің еңбек сіңірген дәрігері, «Академик А. М. Гранов атындағы РХТҒО» ФМБМ радиология, хирургия және онкология кафедрасының профессоры Алексей Александрович Поликарпов, Санкт-Петербург, м.ғ. д., Боломатов Николай Владимирович, м. ғ.д., Мәскеу, «Н. И. Пирогов атындағы Ұлттық медициналық-хирургиялық орталық» ФМБМ дәрігерлерін жетілдіру институтының рентгендоваскулярлық хирургия курстарымен кеуде және жүрек-қан тамырлары хирургиясы кафедрасының профессоры секілді атақты ресейлік профессорлар Конференцияның спикерлері болып табылады.