ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДӘРІГЕРЛІК АМБУЛАТОРИЯ АШЫЛДЫ

Қызылорда облысы Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылында 2 мыңға жуық ауыл тұрғынына қызмет көрсететін жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды.

Мемлекет басшысының бастамасымен «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасының шеңберінде салынатын 27 объектінің ішінде өткен жылы 15 медициналық объектінің құрылысы аяқталды. Жаңа жылдың қарсаңында Ақжар және Тұрмағамбет ауылдарында дәрігерлік амбулаториялар ашылды, бүгін Дур Оңғар ауылында амбулатория пайдалануға беріледі», - деді облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев.

Алдағы жылы облыста 21 медициналық объекті салу жоспарлануда. Ұлттық жобаның шеңберінде Арал, Қазалы, Шиелі, Жаңақорған аудандарының көпбейіндіорталық ауруханаларының жанынан қосымша ғимараттардың құрылысы басталады. Ауылдарда 9 дәрігерлік амбулатория және 2 фельдшерлік-акушерлік пост салынады, жергілікті бюджет қаражатының есебінен Арал ауданының «Қамқорлық оңалту орталығы, Жаңақорған ауданының Томенарық ауылындағы ауылдық аурухана салынады.

Қазіргі уақытта 9 медициналық объектіге күрделі жөндеу жүргізілуде, 5 объектініңжылу желілері газға ауыстырылды. Сондай-ақ, облыстық психикалық денсаулық және өкпе аурулары орталықтарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде, облыстық инфекциялық аурулар ауруханасын жаңарту жоспарлануда.

Өңір басшысы ауыл тұрғындарын жаңа объектінің ашылуымен құттықтап, өңірдің денсаулық сақтау саласында отандық медицинада инновацияларды қолдану, ауруханалардың материалдық-техникалық базасын жаңарту туралы айтты.

Амбулаторияның жаңа ғимаратында тіркеу бөлмесі, қабылдау бөлмесі, дәріхана, изолятор, физиотерапия кабинеті, егу бөлмесі, зертхана, Мұрағат, күндізгі стационар, жалпы практика дәрігерінің кабинеті қарастырылған. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін қолайлы жағдайлар жасалған.

Іс-шарада Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов ауыл тұрғындарын құттықтап, ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бақытбек Тәуекелов бата берді. Сондай-ақ, мердігерлік ұйымдардың өкілдері мен ауыл азаматтарының еңбегі атап өтілді.

Жақын арада облыс тұрғындары көпбейінді облыстық аурухананың жанынан 70 төсектік перинаталдық орталықты иеленетінін айта кеткен жөн. Қызылордада 200 төсектік заманауи перинаталдық орталықтың құрылысы басталады.

Қазақстан халқына Қоғамдық Қоры өңірді 1 млрд.100 млн теңге сомасына онкологиялық скрининг жүргізу үшін жылжымалы медициналық кешенмен қамтамасыз етті. Мұндай кешен республика бойынша тек 3 облыста бар. Медициналық кешен компьютерлік томографпен, цифрлық рентгенмен, ультрадыбыстық аппаратпен жабдықталған. Бүгін Арал, Қазалы аудандары мен Байқоңыр қаласының тұрғындарына тексеру жүргізілді, алдағы күндері Қармақшы ауданының тұрғындарына қызмет көрсетіледі.