ХИРУРГ ҮЛКЕН ЖАЛҒАН КИСТАСЫ БАР ТОЛЫҚ АДАМҒА КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

ХИРУРГ ҮЛКЕН ЖАЛҒАН КИСТАСЫ БАР ТОЛЫҚ АДАМҒА КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАДЫ

Алматының жетекші хирургтары кистаның қуысын асқазанмен байланыстыра отырып, анатомиялық және физиологиялық функционалдық тәсілмен үлкен жалған кисталық  ұйқы безі мен кернеулі асциті бар ер адамға шебер операция жасады

«№7 Алматы қалалық клиникалық ауруханасының 64 жастағы пациенті соңғы бірнеше жылдың ішінде эпигастрия аумағындағы қатты ауырсынудан, ас қорыту процесінің бұзылуынан, мезгіл-мезгіл жүректің айнуынан, құсудан, іш қатудан, салмақ жоғалтудан зардап шекті. Жағдайды «қатайған асцит» қиындата түсті - ішіүлкейіпкіндігі сыртқа шығып тұрды.

Ер адамға жату тіпті қиын болды, өйткені жатқан кезде жүрек-өкпе жеткіліксіздігі болды. Бір сөзбен айтқанда, өмір сүру сапасыаса ауыр болды. Ол қайда бару керектігін және оның ауруынан құтылу мүмкін бе-жоқ па білмеді. Бір кезде ер адамға таныстары «Жетіге баруды ұсынды, бұл клиниканыңхирургиясы өте күшті екенін түсіндірді.  №7 ҚКА-да ол хирургпен кеңесіп, емхана жағдайында зерттелді, «Ұйқы безінің жалған кистасы (ҰБК) диагнозы қойылды, МӘМС шеңберінде емдеуге жатқызу бюросының Порталы бойынша жоспарлы жедел емдеуге жіберілді.

Ұйқы безінің жалған кистасыбұл ұйқы безі ферменттерінің, қанның өте көп мөлшерін қамтитын сұйықтықтың шектеулі жиналуы, сонымен қатар некротикалық (өлі) тіндер болуы мүмкін. ҰБК-ның пайда болу себебібұл бастан өткергенпанкреатит немесе панкреонекроз, ол көбінесе өттас ауруы, асқазан-ішек жолдарының ойық жарасы, алкоголді қабылдау, дұрыс тамақтанбау, іштің жарақаты аясында дамиды. ҰБК-ның белгілері оның мөлшері ұлғайған сайын күшейе түседі. Көрші ағзаларды кистаның қысуы, іш қуысында сұйықтықтың жиналуы сияқты. Егер ҰБК-ға күдік болған кезде пациент бекітілу үшін емханаға мамандарға жүгінуі керек. Диагноз қою үшін ультрадыбыстық зерттеу, іш қуысы ағзаларының компьютерлік томографиясы жүргізіледі, - дейді №7 ҚКА директоры Манас Рамазанов.

Осы пациенттің анамнезінен2015 жылы ол ауыр панкреонекрозды бастан өткерген. Уақыт өте келе, панкреонекроздың салдарынан пациентте ҰБК дамыған, клиникалық белгілер пайда бола бастаған

Пациентке операция жасаған көп жылдық тәжірибесі бар хирург Манас Рамазанов бұл пациенттер операцияға байыпты дайындықты қажет ететінін атап өтті, өйткені оларда тамақтанудың бұзылуына және тағамның қорытылуына байланысты ақуыздық энергиялық жетіспеушілігі дамиды.

Алдын ала дайындықтан кейін пациент операцияға алынады. 4 сағаттық күрделі операция жасалды. Біз кистаның қуысын асқазанмен байланыстырдық. ҰБКкезінде кистаны дәстүрлі алып тастау арқылы жою мүмкін емес, өйткені киста ұйқы безімен байланысқан және үнемі ферменттер шығарады. Бұл жағдайда біз кистаны асқазанның артқы қабырғасымен байланыстырдық, осылайша кистаның сұйықтығының жиналмай асқазан-ішек жолына түсуіне мүмкіндік бердік. Сонымен қатар, ҰБК-ға байланысты пациентте операция кезінде қосымша қиындықтар тудыратын қатайған асцит бар. Барлық техникалық қиындықтарға және өзіндік ерекшелігіне қарамастан, операция жоспар бойынша тиісті деңгейде орындалды,ал операциядан кейінгі кезең асқынусыз біркелкі өтті, - деп бөлісті профессор Рамазанов.

Тәжірибелі хирургтың жетекшілігімен операциялық топтың жоғары кәсіби, шебержұмысының арқасында науқас аурудың ауыр клиникалық көріністерінен, барлық асқынулар мен қауіптерден арылды, сонымен қатар көңіл-күйі де жақсарды.  Дәрігерлер өз жұмыстарын керемет орындап, пациентке одан әрі сапалы өмір сүруге мүмкіндік берді. Ендігі жерде бәрі дерлік өзіне байланысты: саламатты өмір салтын ұстану, дұрыс тамақтану, жаман әдеттерден бас тарту - бұл оған осы аурудан біржола арылуға мүмкіндік береді.