ҮЗДІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР ТОЛҚЫН БАЗАРҚҰЛОВА: МАҒАН АДАМДАРҒА ПАЙДА ӘКЕЛГЕН ҰНАЙДЫ

ҮЗДІК САНИТАРИЯЛЫҚ ДӘРІГЕР ТОЛҚЫН БАЗАРҚҰЛОВА: МАҒАН АДАМДАРҒА ПАЙДА ӘКЕЛГЕН ҰНАЙДЫ

"Санитариялық - эпидемиологиялық бейіндегі үздік дәрігер" номинациясы бойынша Республикалық конкурстың жеңімпазы Алматы қаласы санитариялық - эпидемиологиялық бақылау департаментінің өнеркәсіптік және радиациялық қауіпті объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінің басшысы Толқын Дүйсеғұлқызы Базарқұлова болды.

Санитариялық дәрігер мамандығын таңдау  мектеп кезіндегі арманы болды. "Мінезім  үнемі қозғалыста, жаңа нәрсе іздеуде болуым керек адаммын. Мен өзім үшін осы мамандықты таңдадым. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің жұмысы көп қырлы және қызықты, сізден үнемі жауапкершілікті талап етеді. Бала туғаннан бастап және өмір бойы - денсаулық, азық - түлік қауіпсіздігін бақылау, санитариялық - эпидемиологиялық саламаттылық, қоршаған ортаның қолайсыз факторларының халықтың денсаулық жағдайына зиянды әсерінің алдын алу, анықтау және жою, инфекциялық және кәсіптік аурулардың алдын алуды санитариялық дәрігер жүргізеді", - деп есептейді біздің жеңімпазымыз.

Ол бұл мамандық өзін-өзі толық жүзеге асыруға мүмкіндік беретініне, адамдарға пайда әкелетініне сенімді. 20 жылдың ішінде Толқын Дүйсеғұлқызы әртүрлі бөлімдерде жұмыс істеді, өз қызметін азық-түлік объектілерін бақылау және қадағалау бөлімінде, содан кейін коммуналдық объектілерді бақылау және қадағалау бөлімінде бастады, сондай-ақ медициналық ұйымдарды бақылау мен қадағалауды жүргізді.

Санитариялық дәрігер мамандығы өте қызықты, қиын, өйткені көптеген жағдайларға қарамастан, заңға сәйкес әрекет ету керек. Тәртіпті қалпына келтіру үшін санитариялық дәрігерлер сот процестеріне қатысады, онда олар өз ұстанымдарын қорғайды, сондықтан Толқын Дүйсеғұлқызының ұстанымдылығын бәрі біледі.

"Мен өз қызметімді халықтың санитариялық - эпидемиологиялық әл-ауқатының күзетінде өткізгенді ұнатамын. Мен өз мамандығымды жақсы көремін және халқымыздың игілігі үшін еңбек етемін", - дейді мақтанышпен медицина қызметкерлерінің арасындағы біздің үздік атағы байқауының жеңімпазы.