
Алматы облысы Кеген аудандық ауруханасының базасында мамандардың көпбейінді тобымен үздік практикалар орталығы ашылды. Бұл жобаның негізгі бағыты медициналық мекемелердегі әлеуметтік бағытпен тығыз байланыста жұмыс істеу және озық тәжірибенің негізінде өзгерістер енгізу болып табылады.
Халықтың денсаулығын нығайтуға бағытталған 9 жоба іске асыру сатысында тұр. Белсенді ынтымақтастықтың арқасында ашылатын орталық барлық жастағы адамдардың денсаулығын сақтау үшін мамандардың кәсіби құзыреттілігін және тұрғындардың денсаулығы үшін жауапкершілікті қалыптастыру, медициналық көмектің сапасы мен адамдардың өмірін арттыру, пациенттерді сауықтыру секілді маңызды бағыттарды қамтиды. Аудан тұрғындары кез келген уақытта медициналық көмекке қол жеткізе алады.
Ашылған үздік практикалар орталығы аудан тұрғындарына әлеуметтік жағдайларға және адам денсаулығын сақтауға бағытталған медициналық көмек көрсетеді, халықтың өмір сүру сапасы мен ұзақтығын арттыру үшін үлкен әлеуетке ие болады.
Салтанатты рәсімге аудан әкімі Теңізбаев Нұрбақыт Молдахметұлы қатысып, ЕПО ұжымына алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.
Аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Сабыр Досымбеков іс-шара барысында директор Алмас Ақылбекұлы Тілеулиевпен бірге жаңа орталықтың лентасын қиды.